Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің халық саны жалпы жиынтықта 186 млн адамнан асты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тізімде бірінші орында 146,1 млн халық санымен Ресей тұр. Одан кейін Қазақстан (20,5 млн) және Беларусь (9,06 млн) орналасқан. Қырғызстан халқы 7,4 млн, ал Армения халқы 3,1 млн адамды құрайды.

Айта кетерлігі, соңғы 5 жылда ең үлкен халық өсімі Қазақстанда тіркелді – 1 млн адамға артқан. Бұл көрсеткіш ЕАЭО аясындағы демографиялық өзгерістерді көрсетеді.

ЕАЭО-ның жиынтық ЖІӨ-і 3 трлн долларға жеткені де хабарланған болатын. Инфографикада елдер бойынша халық саны мен өсім динамикасы көрсетілген.