ЕАЭО елдерінде отын әкелуге арналған нөлдік кедендік баж мөлшерлемесінің қолданылу мерзімі тағы бір жылға ұзартылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі қозғалтқыш бензині, дизель отыны, авиациялық отын, кеме отыны және өзге де газойльдерді импорттау кезінде қолданылатын нөлдік әкелу кедендік баж мөлшерлемесінің мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұған дейін белгіленген нөлдік мөлшерлеменің қолданылу мерзімі кеше аяқталған еді.
«Бірқатар елдің осы мерзімді ұзарту туралы ұсынысы жедел қаралып, ортақ шешім қабылданды. Баж мөлшерлемесін нөлдік деңгейде сақтау тағы бір жылға ұзартылды», – деді ЕЭК сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
