Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға артты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады. Одаққа мүше елдердің барлығына жуығында өсім байқалған: Қырғызстанда — 8,8%; Арменияда — 7,4%; Қазақстанда — 2,8%; Беларусьте — 0,2%-ға артқан. Ресейде өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші өткен жылғы деңгейде қалған.
Сонымен қатар есепті кезеңде ЕАЭО елдерінде өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 0,8%-ға артқан.
