Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде өткен семинарда Иранмен саудадағы кедергілерді жою және ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Семинар барысында ЕАЭО-ға мүше бес елдің өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісім аясындағы ең перспективалы бағыттарды қарастырды. ЕЭК-тің сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің айтуынша, ЕАЭО мен Иранның мамандары саудадағы нақты мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын ұсынып, серіктестердің қарауына нақты ұсыныстар әзірлеуі қажет. Ол сондай-ақ 2025 жылғы 15 мамырда күшіне енген еркін сауда туралы келісімнің арқасында тауарлардың 90%-ына жеңілдетілген сауда режимі енгізілгенін еске салды.
Нәтижесінде Иранның ЕАЭО елдерінен импортталатын тауарларға салатын орташа кедендік баж салығы 20%-дан 4,5%-ға дейін төмендеді.
