2026 жылдың 31 шілдесінде ЕАЭО-да навигациялық пломбаларды енгізудің екінші кезеңі басталады, деп еске салды Ресейдің Федералдық кеден қызметі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Еуразиялық экономикалық одақта 11 ақпаннан бастап ЕАЭО-да жөнелтілімдерді бақылауға арналған навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асыру басталды. Ақпан айынан бастап мыналар пломбауға жатады: алкоголь және темекі өнімдерін автомобиль және теміржол арқылы тасымалдау, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы транзит, экспорт немесе өзара сауда шеңберінде кедендік рәсімдерге кіріктірілген "санкцияланған" тауарлар (оларға қатысты ЕАЭО елдері арнайы экономикалық шараларды қолданылады); транзиттің кедендік рәсіміне кіріктірілген құны жоғары (салық салынатын) тауарлардың жекелеген санаттарын автомобиль арқылы тасымалдау.
31 шілдеден бастап енді мыналарға да навигациялық пломбалар қолданылады: Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) белгілеген тауарларды, жағдайларды және шарттарды қоспағанда, автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарлардың барлық санаты; теміржол көлігімен тасымалданатын құны жоғары (салық салынатын) тауарлардың жекелеген санаты.
