Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасы 2027 жылы Еуразиялық одаққа еттің кей түрлері мен сүт сарысуын импорттауға арналған тарифтік квоталарды бекітті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ЕЭК-тің сауда блогының мәліметінше, квоталар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес, мүше мемлекеттердегі тұтыну және өндіріс теңгерімін, сондай-ақ елдердің Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) алдындағы міндеттемелерін ескере отырып белгіленді.

Қазақстан мен Ресей үшін 2027 жылға арналған тарифтік квоталар мемлекеттердің ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттамаларда бекітілген көлемде айқындалды. Ал Армения, Беларусь және Қырғызстан үшін квоталар тараптардың өтініштерін ескере отырып, тұтыну мен өндіріс арасындағы айырмадан аспайтын көлемде бекітілді.

Ірі қара мал еті бойынша квоталар

  • 01Армения үшін – 8 мың тонна;
  • 02Қазақстан үшін – 21 мың тонна;
  • 03Қырғызстан үшін – 5 мың тонна;
  • 04Ресей үшін – 570 мың тонна.

Шошқа еті бойынша квоталар

  • 01Армения үшін – 14 мың тонна;
  • 02Беларусь үшін – 20 мың тонна;
  • 03Қырғызстан үшін – 2 мың тонна.

Құс еті мен оның субөнімдері бойынша тарифтік квоталар

  • 01Армения үшін – 45 мың тонна;
  • 02Беларусь үшін – 10,9 мың тонна;
  • 03Қазақстан үшін – 140 мың тонна;
  • 04Қырғызстан үшін – 58 мың тонна;
  • 05Ресей үшін – 364 мың тонна.

Сүт сарысуын импорттауға арналған тарифтік квота Ресей үшін 15 мың тонна көлемінде бекітілді.