Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) сыртқы электронды сауданы реттеудің жаңа ережесі 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет басшылары осы мерзімге дейін дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.
Құжаттың күшіне енуі
"Құжат Еуразиялық экономикалық комиссия соңғы ратификациялық грамотаны алғаннан кейін күшіне енеді деп жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ЕАЭО Кеден кодексіне енгізілген өзгеріс Арменияда, Беларусьта, Қазақстанда және Қырғызстанда ратификацияланды.
Негізгі жаңалықтар
"ЕАЭО Кеден кодексіне енгізілген түзетулердің негізгі жаңалығы – сыртқы электронды сауда аясында сатып алынатын тауарларды жеке санатқа бөліп, оларды реттеудің ерекшеліктерін белгілеу", – деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Өзгеріс күшіне енгеннен кейін электронды сауда арқылы сатып алынатын тауарлардың басым бөлігіне кедендік баждың бірыңғай мөлшерлемесі – 5%, бірақ кемінде 1 еуро/кг мөлшерінде қолданылады.
Сонымен қатар бажсыз әкелудің шекті мөлшері 200 еуро болып белгіленеді.
