2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға өсті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өсім одаққа мүше барлық дерлік елде тіркелді: Беларусь - 4,3%; Қырғызстан - 3,7%; Қазақстан - 3,6%. Сонымен қатар жұмыртқа өндірісі 2,4%-ға, союға арналған мал мен құс өндірісі 0,3%-ға, сүт өндірісі 0,2%-ға артты.