Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында соңғы 10 жыл ішінде 140 миллионға жуық контрафактілік тауар анықталды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
ЕЭК мәліметтері бойынша, 2015 жылдан 2025 жылға дейін Одақ елдерінде жалпы құны 1,2 миллиард доллардан асатын жалған өнімдер тәркіленген. Контрафактілік тауарлардың негізгі бөлігі – киім, аяқ киім, парфюмерия, дәрі-дәрмек және автомобиль бөлшектері. Ең көп тәркілеу Ресей мен Қазақстанда тіркелген.
Комиссияның айтуынша, контрафактілік өнімдердің таралуына қарсы күрес үшін ЕАЭО елдері арасында ақпарат алмасу және бірлескен рейдтер жүргізу жұмыстары күшейтілген. Сондай-ақ, цифрлық платформалардағы жалған тауарларды анықтау үшін арнайы мониторинг жүйесі енгізілген.
