Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері аз көлемде шығарылатын химиялық өнімдер өндірісін жаңғыртады, деп хабарлады ЕЭК. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Одаққа мүше елдер ынтымақтастықты нығайтып, жаңа жоғары технологиялық тауарлар өндірісін ынталандырады және ұйым нарықтарында импортты алмастыру жобаларын жүзеге асырады», - деп жазылған хабарламада.
Комиссияның хабарлауынша, қабылданған ұсынымдар қатарында өнеркәсіптік кооперацияға қаржылай қолдау көрсету шаралары да бар. Бұл бастама импортқа тәуелділікті азайтып, ішкі өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
