Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасына апта сайынғы макро шолуды жариялады. 2026 жылғы қаңтар – маусым айларында Қазақстанның қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 5,1%-ға өсті. Ал қаңтар – мамырда 4,3%-ға өскен болатын. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ең жоғары өсу қарқыны: құрылыста – 15,2%; көлікте және қоймада – 7,1%; саудада – 5,7% болды. Негізгі капиталға салынған инвестиция 9,6%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібі 33,3%, ауыл шаруашылығы 24,6% және көлік 11,6%-ға артты.

«Жоғары экономикалық және инвестициялық белсенділік биылғы жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 5,5% дейін өсуіне ықпал етеді деп санаймыз», – деп хабарлады банк сарапшылары.

Қырғызстанда жалпы ішкі өнім 2026 жылғы қаңтар-маусымда 11,9%-ға өсті. Құрылыс секторы мен өңдеу өндірістері шешуші рөл атқарды. «Менің үйім» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысының көлемі 38,4%-ға ұлғайған.

Ресейде маусым айында инфляция 6%-ды құрады, мамырда 5,3% болған. Мұны мотор отынының қымбаттауымен байланыстырады. Беларусьте экономикалық өсім артты. Биыл жалпы ішкі өнім қаңтар-мамырда 1%-дан 1,5%-ға өскен. Экономикалық белсенділікке ішкі сұраныс оң әсер етіп жатыр, дейді сарапшылар.