Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық кодексіне сәйкес E-Salyq Business мобильді қосымшасын жаңартты. Енді жеке кәсіпкерлер мен самозанятылар негізгі салықтық рәсімдерді салық органдарына бармай-ақ, қашықтан орындай алады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Самозанятылар үшін жұмыс механизмі барынша қарапайым болды. Оларға жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің және салықтық есептілік тапсырудың қажеті жоқ. Әрбір алынған кіріс бойынша қосымшада чектерді қалыптастыру жеткілікті.

Айдың қорытындысы бойынша E-Salyq Business кірістер тізілімін автоматты түрде қалыптастырады және әлеуметтік төлемдерді есептейді. Оларды банктік қосымша арқылы бірыңғай 4% мөлшерлемемен төлеуге болады. Бұған міндетті зейнетақы жарналары (1%), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар (1%), әлеуметтік аударымдар (1%) және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (1%) кіреді.

Жеке кәсіпкерлер қосымша арқылы ЖК тіркей алады, арнайы салық режимін таңдай алады, чектерді қалыптастыра алады, кірістерді есепке алады және 910.00 нысаны бойынша салық декларациясын тапсыра алады.

Барлық осы рәсімдер электронды форматта қолжетімді және мемлекеттік органдарға баруды қажет етпейді.

Мемлекеттік кірістер комитетінде қосымшаны жаңарту салықтық міндеттемелерді орындауды жеңілдетуге, қағаз құжат айналымын қысқартуға және цифрлық форматта мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.

Бұған дейін «Курсив» Қазақстанда 2 мыңнан астам бизнес жаңа амнистияға ілігуі мүмкін екенін жазған болатын.