Болгарияда Дунай өзенінің су деңгейі рекордтық төмен деңгейге түсуі нәтижесінде мамонт қалдықтары табылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қалдықтар өзен жағасынан табылған және олардың жасы шамамен 10 000 жыл деп есептеледі. Бұл аймақта мұндай табыс сирек кездеседі. Ғалымдар қазба қалдықтарын зерттеп, мамонттың түрін анықтауға тырысуда.
