Ресейде Мемлекеттік Дума депутаттарын және бірқатар өңірдің басшыларын сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дума сайлауында хаттамалардың 75,31%-ы өңделгеннен кейін көш бастап тұрғандар белгілі болды.

Дауыс беру нәтижелері

Алдын ала мәліметтер бойынша:

  • 01«Единая Россия» — 57,48% дауыс;
  • 02Коммунистік партия (КПРФ) — 14,03% дауыс;
  • 03ЛДПР — 8,75% дауыс;
  • 04«Жаңа адамдар» — 8,01% дауыс;
  • 05«Әділетті Ресей» — 5,01% дауыс.

Осылайша, хаттамалардың 75,31%-ы өңделген кезеңде «Единая Россия» партиясы көш бастап тұр.