Дубайға әуе рейстері қайта қатынай бастайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әуе компаниясы 15 шілдеден бастап Алматы – Дубай – Алматы және Астана – Дубай – Астана бағыттарындағы тұрақты рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
"Әуе компаниясы аймақтағы жағдайды бақылап, ұшу кестесіне өзгерістер енгізуі мүмкін. Қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларға ақпарат беріледі", – деп хабарлады Air Astana.
Бұған дейін әуе компаниясы Таяу Шығыс бағыттарына орындалатын рейстердің уақытша тоқтатылғанын мәлімдеген болатын.
