Астанада өткен «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде Перудің PlayTime командасы Dota 2 бойынша чемпион атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Dota 2 турнирінің финалында Перудің PlayTime командасы Қытайдың Yakult Brothers ұжымын 3:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 млн доллар.
Чемпион атанған PlayTime командасы 350 мың доллар көлеміндегі бас жүлдені иеленді. Ал екінші орын алған команда 160 мың, үшінші орын иегері 120 мың доллар сыйақыға ие болды.
