Қарағанды облысының Абай қаласында 2012 жылы туған Рыс Бибарыс Бекнұрұлы кеше үйінен шығып, қайта оралмады, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Жасөспірімнің белгілері: 13 жаста, бойы 150-155 см, дене бітімі орташа, 7-сынып оқушысы. Үстінде қара күрте, қызғылт сары футболка, қара шалбар және жасыл түсті аяқ киім болған.
««Жасөспірім достарымен бірге Абай қаласынан Қарабас кентіне қарай жаяу шыққан. Қарабас кентіндегі теміржол өткелінің маңында балалар екіге бөлінген: екі жасөспірім өз бетінше үйлеріне қайтқан, ал үшінші баланың қайда екені әлі белгісіз», – деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД.»
—
Қазіргі уақытта полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Егер жоғалған бала туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, 8-707-444-07-74, 8-705-311-78-53 телефондарына немесе «102» арнасына хабарласуды сұраймыз.
