АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесетінін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Айтпақшы, оларда кеше түнде қатты жер сілкінісі болды, сіздер оқыған шығарсыздар, Каракаста өте күшті, бірақ біз оларға көмектесетін боламыз», — деді Трамп Ақ үйдегі шара барысында.

Бұған дейін «Курсив» жазғандай, Венесуэлаға жер сілкінісінен кейін бірден қолдау білдірген елдер: АҚШ, Панама, Катар, Куба, Никарагуа, Түркия, Иордания, Колумбия, Барбадос, Ұлыбритания, Бразилия және Мексика. Венесуэла үкіметіне Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық қаржы институттарының өкілдері де хабарласып, табиғи апаттың салдарын еңсеруге көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

РИА Новостидің ақпаратына сәйкес, Сальвадор билігі жер сілкінісінен зардап шеккен Венесуэлаға 300 құтқарушы, дәрігер және 50 тонна жабдық пен көмек жіберуге дайын, деп хабарлады ел президенті Найиб Букеле.

Венесуэладағы екі күшті жер сілкінісінің салдарынан 188 адам қаза тауып, тағы 1520 адам жарақат алды, 40 мыңға жуық адам хабар-ошарсыз кетті.