Қазақстан қор биржасында (KASE) 17 шілдеде өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 470,54 теңгені құрады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда американ валютасы 1,53 теңгеге арзандады. 16 шілдеде доллардың орташа өлшенген бағамы 472,07 теңге болған еді.
Апта ішінде ұлттық валюта 7,28 теңгеге нығайды. Дүйсенбіде, 13 шілдеде, KASE-де доллардың орташа өлшенген бағамы 477,11 теңге деңгейінде болса, жұма күні сауда-саттық аяқталғанда 470,54 теңгеге дейін төмендеді.
Биржа мәліметтері бойынша, сауда-саттық барысында американ валютасының ең төменгі бағамы 468,75 теңгені, ал ең жоғары бағамы 473,58 теңгені құрады. Жабылу бағамы 471,66 теңге деңгейінде қалыптасты.
Доллармен сауда-саттық көлемі 359,7 млн долларға жетіп, 1 055 мәміле жасалды.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы айырбас пункттерінде доллардың максималды сату бағамы жариялау кезінде 475 теңгені, Алматыда 474 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 17 шілдедегі ресми бағамы 472,34 теңге деңгейінде белгіленген. 18–20 шілдеге арналған ресми бағам, қолданыстағы тәртіпке сәйкес, 470,54 теңгені құрайды.
