Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің әлсіреуіне қатысты болжамға жауап берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін сенат отырысынан кейін журналистер банк басшысынан теңге бір долларға шаққанда 515 теңгеге тағы әлсірейді деген болжам жайында сұрады. Сүлейменов ондай болжам туралы естімегенін және теңгенің әлсіреуіне ешқандай негіз жоқ деп мәлімдеді.
«Базалық мөлшершемені 17 процентке дейін түсіргенде теңге активтеріне сұраныс төмендейді, содан доллар бағамы өседі деп айтқан. Содан бері ештеңе болған жоқ, бір теңгеге де өзгермеді. 487-488 теңгеге саудаланды, қазір де солай», - деді банк төрағасы.
Ал АҚШ пен Иран бейбіт келісімге келгеннен кейін мұнай бағасы күрт төмендеді. «100 доллар шамасында болған, бүгін таңертең, жаңылмасам, 78 доллар болды. Бұл жағдай да теңгеге қатты әсер еткен жоқ. Жалпы, нарық та, сарапшылар да макроэкономикалық тұрақтылықты көріп отыр. Соның арқасында теңге де мықты болып тұр», - деді Сүлейменов.
