Үкіметте «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» (Data Center Valley) жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» Павлодар облысында салынады. Қуаты 50 МВт болатын «ДӨО алқабының» бірінші нысанының құрылысы белсенді кезеңде жүріп жатыр, - деп атап өтті жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Энергия орталықтары мен AI-фабрикалардың ғимараттарына арналған қазаншұңқырларды әзірлеу жұмыстары 90%-ға аяқталды. Энергия орталықтарының іргетасын қалау басталды, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар салынуда.

Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді. 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін дата-орталық пен энергоблоктардың, әкімшілік-тұрмыстық кешеннің, бақылау-өткізу пункттерінің негізгі корпустары және сыртқы инженерлік желілердің бір бөлігі тұрғызылады.

Іске қосу-жөндеу жұмыстары 2027 жылдың мамыр айында аяқталады. Бірінші нысанды пайдалануға беру 2027 жылғы маусымға жоспарланған.