«Россия сегодня» халықаралық медиатобының бас директоры, «Вести недели» бағдарламасының жүргізушісі Дмитрий Киселев «ТЭФИ-2026» ұлттық телевизиялық сыйлығының «Ақпараттық-талдамалық қорытынды бағдарлама жүргізушісі» номинациясы бойынша лауреат атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«ТЭФИ-2026» сыйлығының «Ақпараттық және қоғамдық-саяси хабар тарату» санаты бойынша марапаттау рәсімі дүйсенбі күні Мәскеуде өтті.
«Мен телевидениені интернеттен қорғау туралы айтқым келеді. Бұрын бұл бағдарламаға келген кезде көп адам "интернет телевидениені жеңеді" дейтін. Қазір интернеттің телевидениенің бір бөлігіне айналғаны көрініп тұр. Біз интернеттен ақпарат аламыз, бірақ ол негізгі нәрсе емес. Ал эмоция, терең мазмұн, сенім мен жылулықтың көбі телевидениеде», – деді Киселев марапатты қабылдау кезінде.
«Баршаңызға ешқашан және еш жерде радиоактивті күл жаумауын тілеймін», – деп түйіндеді ол.
Ол «ТЭФИ-2026» сыйлығын жүргізуші ретінде екінші рет марапатталып отыр — алғашқы сыйлығын 2025 жылы алған.
Сондай-ақ «Вести недели» бағдарламасы «Ақпараттық-талдамалық қорытынды бағдарлама» номинациясында жеңімпаз атанды. Бағдарламаны өндіруші – ВГТРК, ал эфирі «Россия 1» арнасында көрсетіледі.
