Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) саммитіне орай Анкарада өткен концертте қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнері үш президенттің әңгімесіне арқау болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев әртістің домбырада ойнау шеберлігін жоғары бағаласа, Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақстандық орындаушылардың өнері үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшыларының реакциясы туралы Қазақстан президентінің қызметін жазып жүрген қазақстандық журналист Адиль Балтабаев әңгімелеп берді. Ол Instagram желісінде іс-шараның кадрлары бар бейнежазба жариялап, көшбасшылар әңгімесінің толық мәліметтерімен бөлісті.
Балтабаевтың айтуынша, президенттер ерекше назарды Димаш Құдайбергенге аударған. Тоқаев әншіні әлемдік жұлдыз деп атаса, Мирзиеев оның ұлттық музыкалық аспапты виртуозды меңгергенін атап өтті.
«Реджеп Тайип Эрдоган тіпті Қасым-Жомарт Тоқаевқа олардың өнері үшін жеке алғыс айтты. Ал президенттер әңгімесінің ерекше тақырыбы біздің Димаш Құдайберген болды! Қасым-Жомарт Тоқаев оны «әлемдік жұлдыз» деп атады, ал Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Димаштың домбырада қаншалықты виртуозды ойнайтынына тәнті болды. Бұған мемлекет басшымыз Димаш – кәсіби музыкант деп қосты», – деді журналист.
Жарияланым әлеуметтік желі қолданушылары арасында жауап тудырды. Қазақстандық жанкүйерлер әртісті халықаралық іс-шарада өнер көрсетуімен құттықтаса, кейбір түркиялық комментаторлар концерт үшін алғыс білдірді.
Түркі әлемі өнер шеберлерінің концерті Анкарада ТМҰ саммитіне арналған іс-шаралар аясында өтті. 30 қазанға қараған түні оған ұйымға мүше мемлекеттердің президенттері қатысқаны белгілі болды.
Музыкалық бағдарламаға түркі әлемі елдерінің туындылары енді. Оларды «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркия Республикасының Президенттік симфониялық оркестрі орындады, ал концертке қатысушылардың бірі Димаш Құдайберген болды.
