Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген оның әнімен өнер көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанған спортшы Михаил Шайдоровқа автомобиль сыйлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды. Ол спортшыны жеңісімен құттықтап, «Astana Motors» компаниясынан «лайықты темір тұлпар» таңдауға шақырды.
Михаил Шайдоров Димаштың «Confessa, the Diva Dance» композициясына өнер көрсетіп, екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстан үшін жаңа ұлттық рекорд.
Осылайша, ол Сочи Олимпиадасында Денис Тен орнатқан рекордты жаңартты.
Фото: Әлеуметтік желіден
