DiDi такси қызметі Қазақстандағы жұмысын аяқтайтынын айтты. Компания өкілдерінің айтуынша, бұған нарық жағдайларының өзгеруі себеп болған.

Такси қызметі 4 наурыздан бастап Қазақстанда ғана емес, Ресейде де жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq.Today басылымы orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«– Ресейде DiDi іске қосылғаннан бері бір жарым жыл және Қазақстанда іске қосылғанына бір жылға жуық уақыт өткен соң, біз 2022 жылдың 4 наурызында осы нарықтардағы жұмысты тоқтату туралы хабарлаймыз. Біз әрқашан өзіміздің азаматтарға жоғары сапалы, бірақ қолжетімді технологиялық қызметтерді ұсыну арқылы күнделікті өмірді жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ жүргізушілер мен серіктестер үшін ең жақсы табыс табу мүмкіндіктерін жасадық. Өкінішке қарай, нарықтық жағдайлардың өзгеруіне және басқа да қиындықтарға байланысты біз Ресей мен Қазақстанда жақсы нәтиже көрсете алмайтынымыз анық, – деді компания.»