Ресейлік белгілі медиа тұлға Диана Шурыгина тергеу изоляторына жіберілді. Мұндай шешімді Мәскеудің Троицк аудандық соты (Ресей) тергеу органдарының өтінішін қанағаттандырып қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шурыгина порнографиялық материалдарды заңсыз жасау және таратуға байланысты қылмыстық іс бойынша айыпталушы болып өтуде. «База» телеграм-арнасының мәліметінше, Шурыгина үй қамауының шарттарын бұзып, ұялы телефонды пайдаланған, осыған байланысты тергеу органдары сотқа жүгініп, бұлтартпау шарасын қатайтуды сұраған. Сот оны кемінде 11 тәулікке қамауға алуды бұйырды.
Бұрын осы іс бойынша тағы екі айыпталушы — порноактриса Анастасия Овсянникова және Германиядан келген продюсер Людвиг Кричкер үй қамауына алынған болатын.
Диана Шурыгина 2017 жылы Ресейдің Бірінші Арнасындағы «Пусть говорят» бағдарламасына қатысқаннан кейін кеңінен танымал болды. Сол кезде қыз зорлық-зомбылық құрбаны болғанын мәлімдеп, бұл оқиға бүкіл Ресейде кеңінен талқыланып, үлкен қоғамдық резонанс тудырды.
