Құрылтай депутаттарына отырыстар кезінде жұмысқа қатысы жоқ сөздерді айтуға тыйым салынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Депутат Снежана Имашеваның айтуынша, бұрын мәжілістің регламентінде ондай шектеу болмаған. Ал Құрылтайда регламентпен бекітіліп отыр.

«Жеке басқа қатысты ештеңе айтуға болмайды, тек өз өкілеттілігі аясында сөйлеуге рұқсат бар», – деді Имашева бүгінгі брифингте.

Оның айтуынша, Құрылтай отырыстарында ғана емес, оның жұмыс консультативтік органдарының жиналыстары кезінде де депутаттық өкілеттіліктерге қатысы жоқ мәселелерді қозғауға болмайды.

Қандай жаза қарастырылған

Құрылтай регламентін бұзған депутаттарға шара қолданылады. Олар:

  • 01ескерту;
  • 02кешірім сұрауға міндеттеу;
  • 03Құрылтайдың бір отырысында сөз сөйлеуге тыйым салу;
  • 04Құрылтайдың үш отырысында сөз сөйлеуге тыйым салу;
  • 05депутатты Құрылтайдың бір немесе екі отырысынан шығарып жіберу.

Ал ең ауыр жаза – бір күндік жалақыдан айыру.