Қаржы министрі Мәди Такиев депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысын көтеруге тыйым салатын мораторий қай кезде аяқталатынын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылы Тоқаев үкімет мүшелері, өңір әкімдері мен депутаттардың жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий енгізген болатын.

Мораторий қашан бітеді

Қаржы министрінің айтуынша, мораторийдің аяқталуына дейін әлі бір жылдан астам уақыт бар.

"Мораторий 2028 жылы 1 қаңтардан бастап бітеді. Сондықтан 2027 жылғы бюджетте ондай сұрақтар қарастырылып отырған жоқ", - деді Такиев Құрылтайда өткен брифингте.

Депутаттар жалақысын жариялады

Айта кетері, жақында Құрылтай депутаттары өз жалақысын жариялаған болатын. Бес жыл бұрын мәжіліс депутаттары шамамен сондай еңбекақы алған.