Құрылтай депутаты Екатерина Смолякова шипажайларда емдік балшықтың сапасы мен құрамын тексеру мәселесін көтерді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 300-ден астам шипажай бар. Смолякова олардың біршамасын аралап шыққан.

«Олар емдеу және оңалту кезінде термалды-минералды суларды, емдік балшықтарды пайдаланады. Бірақ бұл шынымен емдік балшық па, әлде жай ғана балшық па? Олардың қолында ешқандай құжат та, қорытынды да жоқ», – деді Смолякова Құрылтай отырысында.

Respublica партиясының депутаттары емдік балшықтардың құрамы туралы ақпарат ашық көрсетілуі керек деп есептейді. Бұл талап заң жүзінде бекітілуі қажет.

Айта кетері, қазіргі уақытта шипажайлардың қызметіне қатысты заңнамалық өзгерістер әзірленіп жатыр.