Құрылтай депутаты Нұрбақыт Теңізбаев үкіметке депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі отырыста Теңізбаев Алматы мен Жетісу облыстарын табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Екі өңірде қажетті құжаттар дайын, екі маңызды жоба да әзірленген.

«Дегенмен аталған жобаларды іске асырудың ұзаққа созылу қаупі бар. Жобалық-сметалық құжаттамалар бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы 2024 жылы алынған. Егер бұл жобаларды мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қарастыру мерзімі кешіктірілсе, құжаттаманың ескіруіне және оларды түзету мен сараптамадан қайта өткізу қажеттілігіне алып келеді. Бұл өз кезегінде жобаның бірнеше есе қымбаттауына және белгіленген мерзімде аяқталмауына әкеледі», — деді Теңізбаев.

Осы орайда депутат бірнеше маңызды мәселеге назар аударды:

  • 01Алматы және Жетісу облысында әзірленген газдандыру жобаларының техникалық құжаты ескірмей тұрып, оларды мемлекеттік даму жоспары аясында кезең-кезеңімен іске асыру;
  • 02«Шелек-Кеген-Нарынқол» магистральдық газ құбыры мен оған қажетті инфрақұрылымды стратегиялық маңызы бар жобалар қатарына енгізу;
  • 03Қонаев қаласының қарқынды дамуын ескере отырып, «Жаңа Іле» АГТС жобасын өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарына енгізу.