Қазақстандықтарға депозиттерден түсетін табысқа 5% салық салынбайды, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрлігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандықтар банк депозиттерінен түсетін табысқа 5% салық төлеуге міндетті болатыны туралы ақпарат пайда болды.

Министрлік жеке тұлғалардың депозиттеріне пайыздық салық салынбайтынын және үкіметтің мұндай салықты енгізуді жоспарлап отырмағанын хабарлады.