2026 жылдың басынан бері Қазақстанда Денге қызбасының жеті әкелінген жағдайы тіркелді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті туристерге арналған алдын алу шараларын еске салады: ауруға күдік туындаған жағдайда дереу жақын маңдағы медициналық мекемеге жүгіну қажет.
Денге қызбасы дегеніміз не?
Денге қызбасы — бұл менингит белгілерімен, буындардың қабынуымен және бөртпемен сипатталатын жедел вирустық ауру. Инфекция масалардың (Aedes aegypti, A. Albopictus), москиттердің және шыбындардың шағуы арқылы жұғады. Масалар ауру адамның немесе кейбір маймыл түрлерінің қанымен қоректенгеннен кейін 8-12 күн ішінде жұқтырады және 3 ай немесе одан да көп уақыт бойы жұқпалы болып қалады.
Қазақстанда қауіп бар ма?
Қазақстанда бұл маса түрлері жоқ, алайда азаматтарымыз эпидемиологиялық жағдайы нашар елдерге сапар шеккенде бұл аурумен ауырып қалуы мүмкін. Тропикалық және субтропикалық аймақтар — Оңтүстік-Шығыс Азия елдері (мысалы, Таиланд, Индонезия), Оңтүстік және Орталық Америка, Африка.
Симптомдары
Аурудың белгілері шаққаннан кейін 4-10 күн ішінде пайда болады және шамамен бір аптаға созылады. Егер сізде осы белгілер байқалса, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Бұған дейін «Курсив» Африкада тез таралып жатқан Эбола қызбасы туралы жазған болатын. Конго Денсаулық сақтау министрлігі Эбола қызбасының жағдайлары 5 515-ке жеткенін хабарлады.
