Үндістанның астанасы Делиде жүздеген әйел Дели университетінің кампусы маңында 17 жастағы қызды топтасып зорлау оқиғасына қарсы наразылық акциясына жиналды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл — соңғы аптада астанада өтіп жатқан бірнеше наразылықтың бірі. Жыныстық қылмыс пен зорлау істері туралы хабарлар жарияланғаннан кейін қоғамдық наразылық күшейді.
BBC тілшісі Азадэ Мошири наразылық шараларының бірінде әйелдермен сөйлесті. Олар өздерін жылдар бойы қауіпсіз сезінбегендерін айтты.
Наразылыққа қатысушылар әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа қатысты әділеттілік пен қауіпсіздікті талап етті.
