Қытайлық DeepSeek компаниясы жасанды интеллектке арналған меншікті чипін әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Reuters агенттігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөздердің айтуынша, DeepSeek өзінің AI чипін әзірлеу арқылы шетелдік жеткізушілерге тәуелділікті азайтуды көздейді. Бұл қадам Қытайдың жартылай өткізгіштер саласындағы өзін-өзі қамтамасыз ету стратегиясына сәйкес келеді.
