«Бернли» клубының 18 жастағы қазақстандық шабуылшысы Дастан Сатпаев Чемпионшипте «Мидлсброға» қарсы өткен матчта ресми түрде үздік ойыншы атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Терф Мур» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Дастан «Бернли» сапында қатарынан үшінші рет негізгі құрамда алаңға шығып, 80 минут ойнады (81-минутта трибуналардың қошеметімен ауыстырылды).
Дастанның ойын көрсеткіштері
Шабуылшы қарсылас қақпасына 2 соққы жасады (команда бойынша барлығы 3 соққы). Ойынның 14-минутында қауіпті сәт туындады: қақпашы оның алыстан тепкен добын әрең қайтарды. Екінші таймда Дастан қақпашымен жеке-жеке шықты, бірақ қарсылас қақпашы тағы да құтқарып қалды.
Дастан пас дәлдігімен ерекшеленді — 94% (18 әрекеттің 17-сі дәл). Сондай-ақ ол алаңдағы 4 дуэльдің 3-інде жеңіске жетіп, 1 сәтті тоғыту жасады.
Матч барысы
Матч «Мидлсбро» үшін сәтті басталды: 23-минутта Эйден Моррис есеп ашты. Алайда 54-минутта Юго Рагубер үй иелеріне есепті теңестіруге көмектесті. 4 турдан кейін «Бернли» 2 ұпай жинап, турнир кестесінде 23-орында тұр. Келесі матч команда 5 қыркүйекте «Бристоль Ситиге» қарсы өткізеді.
Бұған дейін «Курсив» «Бернлидің» жеңіліс сериясын тоқтатқанын және Дастан Сатпаевтың 80 минут ойнағанын жазған болатын.
