Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты "Бернлидің" "Бристоль Ситиге" қарсы өз алаңындағы ойынына қатыспайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Sports.kz британдық спорт талдаушысы және трейдер Джеймс Денсонға сілтеме жасай отырып, Сәтпаев жарақат алғанын хабарлады. Тағы бір британдық футбол инсайдері Иэн Монтгомери жарақаттың сан бұлшықетіне байланысты екенін жазған.

Жарақат "Мидлсброға" қарсы ойын кезінде болған. Матч 1-1 есебімен аяқталды, Сәтпаев 81 минут бойы негізгі құрамда ойнады. Қазақстандық футболшы екі қауіпті соққы жасады, допты бағыттаудың 94% дәлдігін көрсетті және матчтың үздік ойыншысы атанды. Кейін ойыншы сан бұлшықетінде ыңғайсыздық сезініп, ойыннан ауыстырылды.

"Бернли" менеджері Ники Хайен Сәтпаев медициналық тексеруден өтуі керек екенін мәлімдеді. Бұл қазақстандық шабуылшының бұлшық етіндегі алғашқы жарақаты емес. Ақпан айында ол санның жеңіл жарақатынан және шап бұлшықетінің созылуынан ем алған болатын.

Жалпы "Бернли" жанкүйерлері Сәтпаевтың "Мидлсброға" қарсы ойынын жоғары бағалаған болатын.