Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматылық «Қайрат» футбол командасынан шыққан Дастан Сәтпаев үшін «Уэстерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесу дебют болды. Қазақстандық футболшы ойынның 6-минутында гол соқты.
1 шілдеден бастап қазақстандық шабуылшы лондондық «Челси» клубына ресми түрде ауысқан болатын. Дастан Сәтпаевтың трансфері туралы былтыр хабар тараған болатын. Бірақ ол маусымда «Қайраттан» кетіп, Лондонға аттанды.
