Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Дариға Назарбаеваның саясатқа қайта оралуы мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Дариға Назарбаеваның Қазақстанға келіп, вице-президент лауазымына тағайындалуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын.

««Жаңа Конституция жобасында қазіргі және бұрынғы президенттің отбасы мүшелері мемлекеттік саяси қызметке тағайындалмайды деген арнайы бап бар», — деді Ермұрат Бапи.»

Осылайша, депутат бұрынғы президенттің отбасы мүшелеріне қатысты кез келген саяси тағайындаудың қазіргі заңнама аясында мүмкін емесін нақтылады.