««Ауқымды құрылыстың екінші кезеңінде осы жылы жалпы аумағы 25 мың шаршы метр болатын 12 ғимарат салу жоспарлануда. Аталған ғимараттарға инвесторлар іріктелініп алынды, құрылысы аяқталған соң 1000 жаңа жұмыс орны ашылады (инвестиция құны 32,3 млрд. тг). Ал үшінші кезеңде, 2025 жылы 14 ғимаратты іске қосу жоспарланып отыр. Кәсіпкерлер инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген, құрылысы дайын өндіріс орындарына қызығушылық танытатыны күмәнсіз», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.»