сурет
сурет
сурет

«– Жылу орталығындағы жаңарту жұмыстары ерекше назарда. Тұрғындардың мүддесі қорғалып, жылудан мәселе туындамауы керек. Сол үшін адал, сапалы жұмыс істеңіздер. Қателікке, кемшілікке жол берілмейді. Мұқият болыңыздар. Жаңа жылу маусымына 4 бірдей қазандық толықтай жаңадан орнатылады. Тағы екі қазандық жөнделіп, толыққанды жұмыс істейді. Келісімшартта көрсетілген барлық талаптар толық орындалуы тиіс. Күрделі жөндеу, қазандықтарды ауыстыру жұмыстарының сапасына басты назар аударған жөн. Барлық жұмыстардың талапқа сай орындалуының қатаң қадағалауда, – деді Дархан Сатыбалды.»