Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әлеуметтік желідегі жазбасы қоғамда қызу талқыға түсті. Ол ішімдікке әуестігі болғанын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Данияр Елеусінов өз жазбасында: "Бұл ауруға қалай жолыққанымды білмеймін. Кезінде мен де күлгенмін, түсінбейтінмін. Біреудің басынан өткен жағдайға күлмеу керек. Өйткені Алла Тағала кезінде күлген немесе сынаған нәрсеңді бір күні өз басыңа келтіруі мүмкін", - деді.

Еске сала кетейік, биыл 9 шілдеде Астанада Данияр Елеусіновтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Танымал боксшы мас кезінде жол апатына түсіп, оқиға орнынан кетіп қалған. Сол күні Елеусінов 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста 13 жекпе-жек өткізіп, барлық қарсыласын жеңген.