Қазақстанның үздік жұптық ойыншысы Анна Данилина америкалық Джеймс Трейсимен бірге Уимблдон-2026 аралас жұптық разрядында алғашқы матчында 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбританиялық Эмили Эпплтон мен Люк Джонсоннан құралған жұп 1 сағат 11 минуттан кейін жеңілісін мойындады. Данилина «Үлкен дулыға» турнирінде екі разрядта өнер көрсетуде. Жұптық сайыста Анна өзінің тұрақты серіктесі сербиялық Александра Круничпен бірге күні бұрын қазақстандық дербиде жеңіске жеткен болатын.

Турнир иелерімен (уайлд-кард алған) өткен матч та сәтті аяқталды. Бірінші сетте 5:5 есебінде Данилина мен Трейси брейк жасады, содан кейін өз берілісін растап, 7:5 есебімен жеңді. Екінші партияда Анна мен Джеймс жетінші геймде қарсыластардың подачасын алып, кейін өз берілісін ұстап, 5:3 есебіне жетті. Қалғаны техника мәселесі болды.

Қазақстан-америкалық дуэттің ширек финалға шығу үшін кездесетін қарсыласы кейін анықталады.

Бұған дейін Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық разрядтың бірінші айналымында нидерланд-француз дуэті Йеспер де Йонг пен Валантен Руайеге 3:6, 4:6 есебімен ұтылды.

Ал күні бұрын Елена Рыбакина мен Александр Бублик жеке разрядтың үшінші айналымына шықты.

Бүгін біздің юниорлардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Сегізінші нөмірлі Зангар Нурланулы словакиялық Леон Слободамен, ал Дамир Жалғасбай жетінші нөмірлі аустриялық Тило Берманмен ойнайды.

Ұлыбританияның ашық теннис чемпионаты (Уимблдон-2026) Лондонда 29 маусымнан 12 шілдеге дейін өтуде. Бұл маусымдағы үшінші «Үлкен дулыға» турнирі және шөп жамылғысында өтетін жалғыз турнир.

Жүлде қоры – £64,2 млн. Жеке разрядтардағы чемпиондар мен финалистер сәйкесінше £3,6 млн және £1,8 млн алады.

Уимблдонның қазіргі чемпиондары – италиялық Янник Синнер және поляк Ига Свентек. Синнер португалиялық Нуну Боржешты 7:6 (7:4), 7:6 (7:2), 6:4 есебімен жеңіп, үшінші айналымға шықты. 1/16 финалда Свентек те ойнайды, ол екінші айналымда чехиялық Каролина Плишкованы (73) 6:1, 6:3 есебімен жеңді.