Қазақстандық-сербтік жұп Анна Данилина (6) мен Александра Крунич (5) Цинциннатидегі WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үш дүркін «Үлкен дулыға» финалистері ширек финалға шығу жолында бельгиялық Магали Кемпен (52) мен ресейлік Александра Пановаға (38) 3:6, 2:6 есебімен жол берді.

Данилина мен Круничтің жоғары рейтингі жеңіске кепілдік бермеді. Матчтың бірінші геймінде брейк жасап, фавориттер есепте алға шыққанымен, кейін бастаманы қолдан жіберіп алды. Олар өз подачаларында екі рет жеңіліп, бірінші сетті ұтылды.

Екінші сетте Кемпен мен Панова үш брейк жасаса, Крунич пен Данилина тек бір рет қана жауап қайтарды. 3:6, 2:6 – бар болғаны 63 минутқа созылған бұл жеңіліс жалпы жиналған ұпайлар санымен де айқын көрінеді: 39:55.

Осылайша, Цинциннатиде қазақстандық теннисті тек Елена Рыбакина ғана намысын қорғап жүр. Бүгін кешке әлемнің екінші ракеткасы ширек финалға шығу үшін ресейлік Диана Шнайдермен (14) кездеседі.

Ағымдағы WTA-1000 Cincinnati Open турнирі қатарынан 80-ші рет өткізілуде. Америкадағы ең көне турнир ешқашан тіркелген мекенжайын өзгерткен емес. Жарыс Огайо штатындағы Цинциннати қаласының маңындағы Мейсонда ашық хард-корттарда өтеді. Әйелдер арасындағы Cincinnati Open-2026 жүлде қоры – 7,43 миллион доллар.

Әр жылдары бұл турнирде америкалықтар Линдсей Дэвенпорт, Серена Уильямс, бельгиялық Ким Клийстерс, ресейлік Мария Шарапова және басқа да жұлдыздар жеңіске жеткен.