Дахран қаласында Saudi Aramco мұнай компаниясының штаб-пәтері маңында қатты жарылыс дыбыстары естілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, жарылыс дыбыстары компанияның бас кеңсесі орналасқан ауданда тіркелген. Оқиғаның себептері мен салдары туралы ресми мәлімет әзірге жоқ.

Saudi Aramco — әлемдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі, оның штаб-пәтері Сауд Арабиясының шығысындағы Дахран қаласында орналасқан.