Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрігерлерге күш қолдану бойынша қозғалған қылмыстық істердің санын жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл наурыз айында медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолдану мен қорқыту әрекеттері үшін жазаны күшейтетін өзгерістер күшіне енген болатын. Содан бері ондаған қылмыстық іс қозғалды.
«Қазақстан бойынша 50-ге жуық қылмыстық іс қозғалып отыр», — деді Әлназарова үкіметтегі брифингте.
Осы орайда министр Ақтауда болған соңғы оқиғаға қатысты өз ойын да айтты. Ол жақта ауруханаға баламен келген ер адам хирургке жұдырық ала жүгірген.
Айта кетері, Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа бап бойынша дәрігерді ұрғаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
