Дәрілік заттарды цифрлық дербес есепке алу 2027 жылға қарай 2 миллионнан астам пациентті қамтиды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 2026 жылдан бастап дәрілік заттардың айналымының бірыңғай цифрлық контуры енгізілді. Яғни, препаратты тіркеуден бастап оны нақты пациентке беруге дейінгі барлық кезең қамтылады.

«Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектерге қажеттілікті жекелендіріп жоспарлау және есепке алуға көшу негізінде 2026 жылға 1,9 млн нақты пациент, ал 2027 жылға 2,16 млн нақты пациент бойынша қажеттілік қалыптастырылды», - деп жазылған хабарламада.

Бұл кімге қандай препарат және қандай көлемде қажет екенін дәлірек анықтауға, сондай-ақ сатып алуды нақты қажеттілікке қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.

Бүгінде дәрілік заттарды таңбалау жүйесі 1,01 млрд қаптаманы қамтиды. Цифрландыру арқылы дәрілік заттар нарығының ашықтығын қамтамасыз ету нәтижесінде бюджетке қосымша 23,9 млрд теңге салық түсімі түсті.

Министрлік мәліметінше, 2026 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде 1,9 млн пациентке 8,6 млн-нан астам электрондық рецепт жазылды. Бүгінде дәрі-дәрмек берудің 82%-ы «Әлеуметтік әмиян» арқылы жүзеге асырылады.