Қазақстанда күніне 2 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2 мың 54 жағдайы тіркелді:
- 01Нұр-Сұлтанда – 806,
- 02Алматыда – 532,
- 03Шымкентте – 46,
- 04Ақмола облысында – 68,
- 05Ақтөбе облысында – 8,
- 06Алматы облысында – 83,
- 07Жетісу облысында – 84,
- 08Атырау облысында – 61,
- 09Шығыс Қазақстан облысында – 6,
- 10Абай облысында – 26,
- 11Жамбыл облысында – 76,
- 12Батыс Қазақстан облысында – 20,
- 13Қарағанды облысында – 130,
- 14Қостанай облысында – 11,
- 15Қызылорда облысында – 36,
- 16Маңғыстау облысында – 14,
- 17Павлодар облысында – 28,
- 18Солтүстік Қазақстан облысында – 8,
- 19Түркістан облысында – 11.
Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 333 547 жетті.
1 мың 83 адам коронавирустан айықты:
- 01Нұр-Сұлтан қаласында – 341,
- 02Алматы қаласында – 490,
- 03Алматы облысында – 50,
- 04Жетісу облысында – 3,
- 05Атырау облысында – 15,
- 06Шығыс Қазақстан облысында – 26,
- 07Абай облысында – 11,
- 08Жамбыл облысында – 25,
- 09Қарағанды облысында – 59,
- 10Қызылорда облысында – 63.
Елімізде барлығы 1 301 086 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
25 шілдедегі мәлімет бойынша 18 962 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.
«Оның ішінде 1 280 пациент стационарда, 17 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 32 адамның жағдайы ауыр, 7 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, — деп жазылған хабарламада.»
—
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- 01«Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ;
- 02«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан;
- 03«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Айта кетейік кеше 2 649 адам коронавирус жұқтырған еді.