Астанада Comic Con Astana 2026 фестивалінің соңғы күні өтіп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Күннің басты оқиғаларының бірі – «Барыс Арена» басты сахнасында өтіп жатқан косплей байқауының финалы. Қатысушылар фильмдер, сериалдар, комикстер, аниме және видеойындар кейіпкерлерінің өз қолдарымен жасаған образдарын таныстырады.

Байқау бағдарламасы аяқталғаннан кейін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.