Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының F тобында Нидерланд құрамасы Тунис командасын 3:1 есебімен жеңді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Матчтың үшінші минутында Тунис қорғаушысы Эллиес Скири допты өз қақпасына бағыттап, автогол соқты. Жетінші минутта нидерландтық шабуылшы Брайан Бробби есепті еселеді. 54-минутта тунистік шабуылшы Хазем Мастури бір голды қайтарды. 62-минутта қорғаушы Ян Паул ван Хекке Нидерланд сапында үшінші голды соқты.
Кейін Жапония құрамасы Швеция командасымен тең ойнап, плей-оффқа шықты. Швеция сапынан Энтони Эланга гол соқса, Жапониядан Дайдзен Маэда жауап берді.
Жапония құрамасы бес ұпай жинап, топта екінші орыннан плей-оффқа шықты. Нидерланд жеті ұпаймен топ жеңімпазы атанды. Үшінші орында Швеция (төрт ұпай), соңғы орында Тунис (нөл ұпай) қалды.
Бұған дейін «Курсив» Кот-д’Ивуар құрамасының ЧМ-2026 плей-оффына алғаш рет шыққанын жазған болатын. Сондай-ақ Эквадор құрамасының E тобының үшінші турында Германияны 2:1 есебімен жеңгені хабарланды.
