Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының Е тобындағы үшінші тур матчында Эквадор құрамасы Германияны 2:1 есебімен жеңді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Матчтың алғашқы минутында-ақ немістер есеп ашты: Флориан Вирцтің пасынан кейін Лерой Сане допты қақпаға енгізді. Алайда Эквадор жеті минуттан кейін есепті теңестірді — голды Нильсон Ангуло соқты. 77-минутта Гонсало Плата Мануэль Нойердің қақпасына жеңіс голын соғып, командасына үш ұпай әкелді.

Үш турдан кейін Германия құрамасы 6 ұпай жинап, топта бірінші орында тұр. Эквадор 4 ұпаймен үшінші орында. Екінші орында Кот-д’Ивуар (6 ұпай), төртінші орында Кюрасао (1 ұпай). Екі команда да плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Бұған дейін «Курсив» бейсенбіден жұмаға қараған түні 2026 жылғы футбол әлем чемпионатының үшінші турының тағы алты матчы өтетінін хабарлаған болатын. АҚШ Түркиямен, Германия Эквадормен, Нидерланды Туниспен, Парагвай Австралиямен, Швеция Жапониямен және Кюрасао Кот-д’Ивуармен кездеседі.